"Әл - Фирдаус" мешіті жанында ұстаз Жапекова Нұржамалдың ұйымдастыруымен «Қамқор – Шарапат» жобасы аясында кебіндеу (мәйітті шариғат талаптарына сай дайындау) бойынша арнайы семинар өтті.
Семинардың мақсаты - жамағатқа жаназа рәсімдерінің дұрыс орындалу тәртібін үйрету, шариғи талаптарды түсіндіру және бұл мәселеде сауаттылықты арттыру. Іс - шара барысында кебіндеудің кезеңдері, қажетті жабдықтар мен ниет, дұға мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар тәжірибелік түрде көрсетілімге куә болып, өз сұрақтарына жауап алды.
Ұстаз өз сөзінде өмірдің өткіншілігін еске салып, әрбір мұсылман жаназа үкімдерін білуі маңызды екенін атап өтті. «Әрбір жан өлімнің дәмін татады… » ( Әли Имран сүресі, 185 – аят )
Шара соңында қатысушылар марқұмдарға дұға бағыштап , осындай пайдалы семинарлардың қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді. « Қамқор –Шарапат » жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып , жамағатқа қажетті діни - танымдық шараларды ұйымдастыруды көздейді.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

