Тараз: Қыздар арасында рухани марафон жалғасуда

Тараз: Қыздар арасында рухани марафон жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айына дайындық аясында мешітімізде шәкірт қыздар арасында ерекше рухани марафон ұйымдастырылды. Бір аптаға созылған бұл игі бастама жүректерге иман нұрын сеуіп, құлшылыққа деген ынта-жігерді арттырды.

Жеті күн бойы қатысушылар күнделікті үздіксіз таһажүт намазына тұрып, дұға жасап, бес уақыт намаздарын ықыласпен орындап, истихфар айтып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар жолдап, кәлима айтып, садақа беріп, түрлі ізгі амалдарды тұрақты түрде атқарды. Бұл марафон – тек жарыс емес, рухани тәрбиенің, сабыр мен тұрақтылықтың мектебі болды.

Әр күн – құлшылықпен, әр сәт – сауаппен өрілді. Қатысушылардың жауапкершілігі мен ықыласы ерекше қуантты. Апта соңында марафон қорытындыланып, үздік нәтиже көрсеткен қыздарға арнайы марапаттар табысталды. І, ІІ орын иегерлері анықталып, бағалы сыйлықтар берілді.

Шара өте жоғары деңгейде, әсерлі көңіл-күймен өтті. Бұл марафон шәкірттердің рухани дамуына серпін беріп, алдағы Рамазан айын зор дайындықпен қарсы алуға мүмкіндік жасады.

Алла Тағала жасалған барлық амалдарды қабыл етсін! 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: