Бараат түні — Шағбан айының ортасына (15-түніне) сәйкес келетін, кешірім мен рақымға толы қасиетті түн. Бұл түнде Алла Тағала құлдарының күнәларын кешіріп, ризық-несібесін, тағдырын айқындайды деген сенім бар. Мұсылмандар бұл түнді ғибадатпен, дұға-тілекпен, тәубемен өткізуді абзал.
Әл-Әділ мешітінің шәкірттеріне орай Шағбан айының ортасында келетін қасиетті Бараат түніне арналған тағылымды іс-шара өтті. Осы кеште Амиррева Ләззат ұстаз Бараат түнінің мән-маңызы, оның рухани артықшылығы туралы өнегелі уағыз айтып, бұл түнде жасалатын сауапты амалдарға тоқталды. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінен мысал келтіріп, кешірім сұрау, намаз оқу, дұға жасау, ораза ұстау сынды игі істердің маңызын түсіндірді.
Сол күні шәкірттер ауыз бекітіп, ауыз ашар дастарханы жайылды. Жиналған қауым бір-біріне ізгі тілектерін арнап, апалар ақ батасын беріп, кештің рухани мәнін арттыра түсті. Бұл шара жүректерге иман нұрын құйып, жастарға тәрбие мен тағылым берген берекелі кешке айналды.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

