Тараз қаласындағы Әл-Әділ мешітінде Амиреева Ләззат ұстаздың ұйымдастыруымен қасиетті Исра- Миғраж оқиғасына арналған рухани-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, жиналған жамағатқа рухани әсер сыйлады. Бағдарлама барысында танымдық ойындар ойнатылып, қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін сынады.
Сонымен қатар, ақ дастархан жайылып, апаларымыз бата беріп, шараның көркін арттырды. Бұл игі жиын жамағаттың бірлігін нығайтып, діни білімін арттыруға және рухани тәрбие беруге зор үлес қосты.
Осындай тағылымды әрі берекелі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

