Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы, “Тұрғани” мешітінде әйел жамағатына арналған тағылымды лекция өтті. Кездесу барысында «Намаздың кілті – дәрет» тақырыбы кеңінен түсіндірілді. Лекцияда дәреттің парыздары мен сүннеттері жан-жақты баяндалып, оның маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар, дәретті дұрыс алу тәртібі көрнекі түрде көрсетіліп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Бұл пайдалы сабақ әйелдердің құлшылықтағы білімін арттырып, намазды дұрыс орындауға деген ынтасын күшейтті.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

