"Әл - Фирдаус" мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірттер арасында Құранға түсу рәсімі өтіп, үздік оқушылар марапатталды. Іс - шара барысында ұстаз Жапекова Нұржамал шәкірттердің білімге деген ынтасы мен Құран үйренудегі талпынысын ерекше атап өтті.
Салтанатты жиында Құран әріптерін толық меңгеріп, сүрелерді жаттауда жетістік көрсеткен шәкірттерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ұстаз өз сөзінде Құран үйренудің маңыздылығына тоқталып, бұл жол - рухани кемелденудің бастауы екенін жеткізді.
« Расында, осы Құран ең тура жолға бастайды... » ( Исра сүресі, 9 – аят )
Шара барысында ата - аналар ұстаздарға алғысын білдіріп, балалардың діни білімге деген қызығушылығы арта түскенін айтты. Жамағат болып жас ұрпаққа рухани тәрбие берудің маңыздылығы сөз етіліп, шәкірттерге сәттілік тілеп дұға жасалды.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да Құран үйренуші шәкірттердің қатарын көбейтіп, сапалы діни білім беруді жалғастыра бермек.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

