#Шу: «Төле би» мешітінде ауызашар ұйымдастырылуда

#Шу: «Төле би» мешітінде ауызашар ұйымдастырылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Төле би» мешітінің асханасында қасиетті Рамазан айы бойы ауызашар дастарханы жайылуда. Жоспарға сәйкес, ауыл тұрғындарының келуіне қолайлы жағдай жасалып, жамағаттың бір дастархан басында бас қосуына мүмкіндік қарастырылған.

Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен асхана іші қазақы нақышта безендіріліп, ұлттық ою-өрнектермен әрленді. Бұл безендіру жамағатқа ерекше рухани әрі мәдени сезім сыйлап, Рамазан айының қадір-қасиетін терең сезінуге ықпал етуде.

Ауызашар барысында жамағатқа уағыз-насихат айтылып, бірлік пен бауырмалдықты арттыруға мән берілуде. Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының ынтымағын нығайтып, қасиетті айдың берекесін арттыра түсуде.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: