Бүгін “Меркі ата” мешітінің ұстазы Медина Тилеубердиева, шәкірттеріне ақида сабағынан, оқу-білім деңгейін анықтау мақсатында ақида пәнінен тест сұрақтары беріліп, арнайы емтихан ұйымдастырды. Бұл сынақ шәкірттердің діни білімін пысықтап, сенім негіздері бойынша түсініктерін бағалауға бағытталды.
Тест емтиханы жоғары деңгейде өтті. Қатысқан шәкірттер сұрақтарға тыңғылықты дайындықпен келіп, өз білімдерін сенімді түрде көрсете білді. Ақида сабағында алған теориялық білімдерін іс жүзінде дәлелдеп, сұрақтарға толық әрі нақты жауап берді. Нәтижесінде көпшілігі жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Меркі аудандық Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

