Жүніс молда мешітінде әйелдер жамағаты арасында тағылымды әрі әсерлі топтық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті арттыру, діни білімді тереңдету және Рамазан айына рухани дайындықты күшейту болды.
Сайысқа қатысушылар үш топқа бөлінді. Топтар Құран әліпбиіндегі әріптермен аталып, «Алиф», «Бә», «Тә» деген атауларға ие болды. Бұл атаулардың өзі білімнің бастауы мен рухани ілімге деген құрметті білдіріп тұрды. Әр топ өзара ынтымақтастық танытып, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауға тырысты.
Сайыс барысында қатысушылар діни сауаттылық, шариғи сұрақтар, хадис пен Құран аяттары бойынша білімдерін сынап, тапқырлық пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Жамағаттың белсенділігі мен ықыласы шараның көркін аша түсті. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, рухани ортада ерекше жылылық сезілді.
Қорытынды бөлімде «Алиф» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаз топқа сыйлық ретінде Рамазан күнделігі табысталды. Бұл күнделік алдағы қасиетті айда әрбір күнді тиімді өткізіп, құлшылықтарын жүйелі түрде жоспарлауға үлкен мүмкіндік береді.
Меркі аудандық Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

