Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Кәрібай молда» мешітінің жамағатымен арнайы кездесіп қайтты.
Тарауық намазы алдында жамағатқа “Алланы зікір ету, ықылас, ниет – ғибадат негізі” тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Уағыз барысында құлшылықтың қабыл болуы үшін шынайы ықылас пен дұрыс ниеттің маңыздылығы, жүректі зікірмен тірілтудің артықшылығы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында жамағатқа құрмет ретінде тәспі сыйлық етіліп, намазда сап түзеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

