Жуалы ауданы, Ақбастау ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазын алдын жамағатқа уағыз айтылды.
Мешіт молдасы Нұртаза Маратбекұлы Рамазан айына берілген тапсырма бойынша «Отыз күнге отыз уағыз» аясында Қасиетті Рамазан және тарауық намазының сауабы тақырыбында Рамазан айының келуі әр мұсылман үшін үлкен қуаныш, зор бақыт. Бұл қасиетті ай – ізгіліктің, кешірімнің, рухани тәрбиенің, мейірімнің айы,-деп тарауық намазы алдын әсерлі уағыз айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

