Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің ұстазы Айгерім Шыналидің ұйымдастыруымен “Қош келдің, Рамазан” атты рухани кеші өткізілді. Айгерім Ұстаз Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіп, құнды сыйлықтар табыстады. Рухани кеште картинкада жасырылған діни оқиғаларды тауып, бейнеленген оқиғаны дұрыс тапқандарға қасиетті зәмзәм суы сый-сыяпат үшін таратылды. Қосымша шәкірттердің жылдамдығын арттыру мақсатында математикалық-логикалық ойындар ойнатылды.
Сонымен қатар, кеш барысында Айгерім ұстаз «Ораза ұстаудың тәртібі» тақырыпта уағыз айтып, оразаға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

