#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАС ОТБАСЫДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТҮСІНДІРІЛДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАС ОТБАСЫДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы неке қидырған жас жұбайларға «отбасындағы жауапкершілік пен адалдық» тақырыбында уағыз-насихат жасады.

Аудан имамы уағызында: «Отбасы – қасиетті әрі аса қастерлі ұғым. Сондықтан кім кімде үйлену мәселесіне үлкен мақсатпен келу керек. Оның қасиеттілігінің ең бірінші белгісі – Ислами некеде жатыр. Некенің сақталуы тиіс ұстанымдары, мақсат-міндеттері болады. Ерлі-зайыптыларға жүктелетін салмақты құқықтық міндеттері болады. Үйленудің осындай маңызды жағы бар. Бір қызға үйлене салсам, бірге тұра берсем, соным неке болады деген тар түсініктен аулақ болу керек. Некенің шарттары сақталмай, шариғат талаптары орындалмай, яғни мақсатсыз құрыла салған отбасы мұсылмандық негіздерден алшақ,- деп, отбасының жауапкершілігін толық жеткізіп айтты.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: