Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жастар және Рамазан» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс шара барысында Луговой ауылдық мешіттің имамы Ү.Сабырханов Рамазан жастарды сабырлы, ұстамды, тәртіпті болуға үйрететіндігі, жастар бос уақытын пайдалы істерге, кітап оқуға, спортқа, білім алуға жұмсай алатындары туралы айтты. Мұқтаж жандарға көмектесу, еріктілікпен айналысу – Рамазан айының басты ерекшеліктерінің бірі екендігі туралы айтты.
Рамазан жастарды имандылыққа, жауапкершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейтін ай. Бұл кезеңде әр жас өзіне есеп беріп, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік алады. Рамазан – мұсылман қауымы үшін ең қасиетті ай. Бұл айда мұсылмандар ораза ұстап, сабыр мен төзімділікке, мейірім мен кешірімге тәрбиеленеді. Жастар үшін Рамазан – тек діни міндет қана емес, рухани жетілу мектебі.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

