#Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ ЖҰМАДА УАҒЫЗ АЙТТЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ ЖҰМАДА УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы және РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы ұстаз Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылында уағыз айтты. Нұралы ұстаз жұма намаз алдында Рамазан айының артықшылығы және Оразаның пайдасы жайында кеңінен баяндап жеткізді.

Уағыздан кейін ауыл жамағатымен бірге жұма намазын оқып, артынан дұға қылды. Сонымен қатар, Нұралы ұстазбен бірге аудан бас имамы Қуаныш Досымжанұлы барып, жамағаттың хал-жағдайын, мешіттің рамазанға дайындығын бақылап қайтты.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: