Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызы мен «Нұрлыкент» ауылдық мешітінің ұстазы Дариға Қуанышқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Берекелі Рамазан» атты үйді сәндеуден жарыс өтті.
Жарыстың нәтижесі бойынша:
-
1 орын – Мұхаммеджан қызы Жанар, алғыс хатпен марапатталды.
-
2 орын – Сағындықова Гулчехра, алғыс хатпен марапатталды.
-
3 орын – Кенизбаева Динара, марапатқа ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара әр баланың жасаған ізгі амалдарын бойына сіңіруге, рухани тәрбиесін арттыруға бағытталған.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

