Жуалы: ҚОНАҚ КҮТУ МЕН ҚОНАҚҚА БАРУ ӘДЕБІ НАСИХАТТАЛДЫ

Жуалы: ҚОНАҚ КҮТУ МЕН ҚОНАҚҚА БАРУ ӘДЕБІ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жуалы ауданы, аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма уағызы айтылды. Аудан бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жамағатқа «Қонақ күту мен қонаққа бару әдебі» тақырыбында жұма уағызын айтты, Қорыта айтқанда, қонақжайлық кеңпейілділікке, көркем мінезге, бауырмалдық пен мейірімге тәрбиелейді. Осындай әдеп сақталған жерде қоғамда сыйластық артады, адамдардың жүрегіне мейірім мен жылулық орнайды. Ал қонақ кірген үйге береке мен тыныштық бірге еніп, сол шаңырақта Алланың рақымы тұрақтайды. 

Алла Тағала қасиетті Рамазан айында жасаған әрбір ізгі-амалдарымыз бен жұма күнгі жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!- деп батасын берді.

 

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: