Тараз: Жамбыл Жабайұлы мешітінде Рамазан айы туралы жұма уағызы айтылды

Тараз: Жамбыл Жабайұлы мешітінде Рамазан айы туралы жұма уағызы айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы Жамбыл Жабайұлы мешіті ғимаратында қасиетті Рамазан айына байланысты жұма намазы ұйымдастырылып, рухани мазмұндағы насихат айтылды. Уағызды имам Каримбаев Айбек жүргізді.

   Діни қызметкер өз сөзінде Рамазанның мұсылман үмбеті үшін орны ерекше екенін атап өтті. Бұл ай - Қасиетті Құран түскен, береке мен мейірім молайған, сауаптар еселеніп жазылатын кезең. Ораза адамның нәпсісін тәрбиелеп, сабырын арттырып, тақуалыққа бастайтыны кеңінен түсіндірілді.

   Имам қасиетті айда жасалатын игі амалдардың маңыздылығына тоқталды. Құран оқу, тарауық намазына қатысу, садақа беру, мұқтаж жандарға көмектесу - рухани дәрежені көтеретін сауапты істер екені баяндалды. Әсіресе , отбасы берекесін сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту - қоғамның тұтастығын арттыратыны айтылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: