Тараз қаласындағы Жамбыл Жабайұлы мешітінде қасиетті Рамазан айына орай ауызашар дастарханы ұйымдастырылып, жамағатқа рухани уағыз айтылды.
Имам Каримбаев Айбек жиналған жамағатқа оразаның маңызы, сабыр мен шүкіршілік, бірлік пен бауырмалдық туралы тағылымды насихат айтты. Сондай - ақ, ауызашар берудің сауабы мен мұсылман қауымының өзара қолдау көрсетуі жайында кеңінен сөз қозғалды.
Іс - шара соңында жиналған жұрт бірге дұға жасап, ауызашар дастарханынан дәм татты. Рамазан айындағы игі шаралар алдағы уақытта да жалғасады деп күтілуде. Халық өткізілген уағыз бен жайылған ақ дастарханға өз ризашылықтарын білдірді.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

