Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде берекелі Рамазан айы қарсаңында «Қош келдің Рамазан» атты рухани тағылымы мол шара ұйымдастырылып, жамағаттың басын қосты.
Рухани кеште Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы нәзік жандыларды Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтап насихат айтты.
Шара барысында Байзақ аудандық әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызы қасиетті айдың маңыздылығын түсіндіріп, ауызбіршілік, сабыр, мейірім және рухани тазалық туралы насихат айтты.
Шара аясында Құран аяттары оқылып Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылып, руханиятты шынықтыратын ойындар мен түрлі сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сый-сыйяпаттар табысталды. Жиынға қатысушылар осы шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыстарын айтты. Әрі ақ жаулықты аналарымыз бата берді.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

