БАЙЗАҚ: МЕШІТ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫ НАСИХАТ ТЫҢДАДЫ

БАЙЗАҚ: МЕШІТ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫ НАСИХАТ ТЫҢДАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы, Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы  Қанат Әділханұлы  Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің жанындағы «Әжелер алқасы» мүшелерімен жүздесті. 

Бас қосуда «Әжелер алқасының» жұмысы, алға қойылған мақсаты, тәрбие беру мәселесі төңірегінде сүбелі сөз қозғалды. Ұйымның ашылу мақсатына басымдық бере тілге тиек еткен бас имам жастар тәрбиесінде әжелер алқасының үлесі зор болатынына үміт артып отырғанын жеткізді. «Ұрпақты тәрбиелеу үшін қыз баласын тәрбиеле» демекші, дәл осы мәселеде әжелердің кеңесші, бағыт-бағдар беруші, үлкен мектеп екенін ауыз толтырып айтты. 

         Кездесу соңында бас имам «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында ақ жаулықты аналарға насихатын айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: