Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде нәзік жандыларға арналған «Дәстүрлі діни таным және құндылықтар» тақырыбында тағылымды семинар өтті. Семинарды Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Әмірханқызы жүргізді.
Семинар барысында дәстүрлі діни түсініктің қоғамдағы орны, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау, отбасы тәрбиесіндегі әйелдің рөлі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, исламдағы ізгілік, сабыр, имандылық секілді асыл қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Семинар соңында нәзік жандылар өзара пікір алмасып, пайдалы мәліметтер алып, руханияттарын арттырды.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

