БАЙЗАҚ: ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ

БАЙЗАҚ: ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде нәзік жандыларға арналған «Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Семинарды Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы  Жанат Әмірханқызы жүргізді.

Семинар барысында отбасы – қоғамның негізі екені, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі мен жауапкершілігі кеңінен талқыланды. Жанұяда имандылық, сыйластық, сабыр мен кешірім секілді асыл қасиеттер қалыптасқанда ғана берекелі отбасы мен тұрақты қоғам орнайтыны айтылды. Сонымен қатар, адал еңбек, әділдік, аманатқа беріктік сияқты құндылықтар адал қоғамның тірегі екені түсіндірілді.

Нәзік жандыларға  бала тәрбиесінде ұлттық дәстүр мен діни танымды ұштастырудың маңызы жеткізіліп, әйел адамның рухани тәрбиеші ретіндегі орны ерекше атап өтілді. Семинар соңында нәзік жандылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алып, рухани әсерге бөленді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: