Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде нәзік жандыларға «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында тағылымды семинар өтті. Семинарды Байзақ ауданы «Байзақ баба мешітінің бас иамамы Қанат Әділханұлы жүргізді.
Іс-шара барысында адал еңбек пен халал ризық табудың исламдағы орны кеңінен түсіндіріліп, еңбек ету – адамды рухани да, әлеуметтік тұрғыдан да кемелдікке жетелейтін игі жол екені айтылды. Сондай-ақ, адал табыстың берекесі мен қоғамдағы маңызы жайында насихат айтылды. Семинар соңында нәзік жандылар пайдалы мағлұмат алып, адал еңбекке деген көзқарастарын нығайта түсті деген үміттеміз.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

