#Мойынқұм: Рамазанға орай насихат жұмысы жүргізілді

#Мойынқұм: Рамазанға орай насихат жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің имамы Нұрдос Нұрғазыұлы ауылдық дүкендерді аралап, қасиетті Рамазан айының құрметіне ішімдік сатпау жайлы насихат жүргізді.

Кәсіпкерлерге діннің және қоғамның талаптары түсіндіріліп, рухани тәрбие мәселесі жайлы ой бөлісті. Барлық дүкен иелері түсіністік танытып, шараны құрметпен қабылдады.

Мешіт тарапынан барша кәсіп иелеріне алғыс білдіріліп, оларға береке мен сәттілік тіленді. Алла разы болсын!

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: