#Мойынқұм: «Қарабөгет» мешітінде Рамазанға арналған уағыз өткізілді

#Мойынқұм: «Қарабөгет» мешітінде Рамазанға арналған уағыз өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қарабөгет» мешітінің имамы Арсен Құлтаев қасиетті Рамазан айы қарсаңында жамағатқа уағыз айтты. Қасиетті жұма күні өткен уағызда имам ораза ұстаудың қасиеті, нәпіл намаздарды оқу сауабы, сондай-ақ иман мен сабырдың маңызы жайлы кеңінен әңгімеледі. Жамағатқа діни парыздарды орындаудың рухани маңыздылығы түсіндіріліп, әрбір мұсылманның жүрегінде иман мен сауапты істерге деген ынта арттырылды.

Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, Рамазан айына дайындыққа бағытталған маңызды кеңестер ұсынылды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: