Қасиетті Рамазан айына дайындық аясында Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қыс – мұсылманның көктемі» атты рухани марафон жоғары деңгейде өткізіліп, өз мәресіне жетті.
Аталған марафонның басты мақсаты – жамағаттың жүрегіне иман нұрын ұялату, Рамазан айына рухани әрі амалдық тұрғыда тыңғылықты дайындық жасау болды.
Марафон барысында қатысушылар күнделікті зікір айту, садақа беру, нәпіл намаздар оқу және қосымша құлшылықтарды тұрақты түрде орындап отырды.
Нәтижесінде марафонға белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындаған үздік шәкірттер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шәкірттер ұйымдастырушыларға алғыстарын айттып, жылы лебіздерін білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

