Берекелі Шағбан айының қарсаңында Шу аудандық «Жәми» жанындағы әйел-қыздар жамағаты арнайы Құран хатым түсіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға бағыштады.
Игі шараның мақсаты – алдағы қасиетті айларға рухани дайындық жасау, жүректерді тазарту және сауапты амалдарды көбейту болды. Жамағат болып Құран Кәрімді толық оқып, хатым дұғасында бірлік пен берекенің, отбасы амандығы мен ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы тілге тиек етілді.
Жиын барысында ұстаз Шағбан айының артықшылықтары жайында насихат айттып, Рамазан айына дайындық мәселелері кеңінен қозғалды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

