#Шу: Дөңгелек үстелде рухани тәрбие мәселесі талқыланды

#Шу: Дөңгелек үстелде рухани тәрбие мәселесі талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданындағы «Хати Сауранбай» мешітінің имамы Бақыт Тилемисовтің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған басқосуда «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбы кеңінен қарастырылды. Кездесу барысында рухани құндылықтардың қоғам өміріндегі орны, адалдық пен жауапкершіліктің маңызы, сондай-ақ жас ұрпақ тәрбиесінде діннің алар рөлі жан-жақты сөз болды.

Шара соңында жиналған көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жиналыс мазмұнды ойлармен түйінделді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: