#Шу: Ақтөбе ауылында тағылымды кездесу өтті

#Шу: Ақтөбе ауылында тағылымды кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Ақтөбе ауылы «Жылғабек» мешітінің имамы Абусейт Қоспановтың ұйымдастыруымен ауыл ақсақалдарының қатысуымен мазмұнды басқосу өтті. Кездесуде әкенің қоғам мен отбасындағы қасиетті орны, «ата сөзі – ата мұраты» ұғымының мәні және тәрбиедегі рөлі жан-жақты талқыланды.

Жиын барысында үлкендер ұрпақ тәрбиесінде әкенің жауапкершілігі мен өнегесінің айрықша екенін атап өтті. Әкенің ақылы мен батасы – баланың өмірлік бағдаршамы екені, ал атадан қалған аманат пен мұратты сақтау – әрбір азаматтың парызы екені кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар, бүгінгі жастар тәрбиесі, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруі, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету мәселелері қозғалды. Ақсақалдар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық тәрбиенің негіздерін ұлықтаудың маңызын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: