Қасиетті сапардан аман-есен оралған жандарды құрметпен қарсы алу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Осы үрдіс аясында «Жәми» мешітінің әйел-қыздар жамағаты Умраға барып келген қажыларымызды күтіп алып, арнайы дастархан жайды.
Басқосуда қажылар қасиетті сапар барысындағы әсерлерімен бөлісіп, қасиетті мекеннен алған рухани тағылымдары жайында әңгіме өрбітті. Жылы жүзді қауышу мен ақжарма тілектер айтылған бұл кездесу жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайтып, бірлік пен ынтымақты арттыра түсті.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы мешіт жамағаты арасында сыйластық пен татулық дәстүрі жалғасын таба бермек.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

