Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Шу аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев ауылдағы сотқа дейінгі татуластыру орталығына арнайы барып, ақсақалдар алқасын Рамазан айымен құттықтады.
Кездесу барысында қасиетті айдың рухани маңызы, қоғамдағы татулық пен ауызбіршіліктің орны кеңінен сөз болды. Бас имам бірлік пен ынтымақ елдің тірегі екенін атап өтіп, игі істердің көбейе беруіне тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, арнайы «Рамазан тәттісі» табысталды. Бұл игі қадам – ел ішіндегі сыйластық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған тағылымды кездесу болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

