Жамбыл облысы, Қордай ауданы аумағындағы «Қордай» мешітінде аудан ұстаздары мен шәкірттерінің қатысуымен «Мәйітті жуу мен кебіндеу» тақырыбында кезекті семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру және кебіндеу тәртібі практикалық түрде көрсетіліп, жамағатқа жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушылар арнайы қуыршақ арқылы тәжірибе жасап үйреніп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар алды. Тағылымды шара дұғамен басталып, ізгі тілектермен қорытындыланды. Алла Тағала баршамызға жеңілдік беріп, екі дүниенің берекесін нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

