Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылының имамы Ерметов Қайраттың ұйымдастыруымен аудандық Құран жарысы 30-шы параны жатқа оқудан өтті. Жорақұлұлы Ахаттың қайтыс болуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарысқа аудан имамы Қуаныш Досымжаұлы арнайы шақыртылды.
Құран жарысында аудан имамы Тузелбеков Қуаныш, «Қасымбай ата» мешітінің имамы Нурпейсов Бақытжан, «Ақыртөбе» мешітінің ұстазы Қырықбаев Саян әділ қазылық етті. 15 қатысушы арасынан 1 ші орын алған Махмутқа 200 мың теңге, 2 орын алған Ермухаммедке 150 мың теңге, 3 орын алған шәкіртке 100 мың теңге, 4 орын алған Ілиясқа 75000 теңге, 5 орын алған Хайруллаға 50 мың теңге сыйақы табысталды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

