ЖАМБЫЛ: РАДИКАЛДЫ ДІНИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА МЕН ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ

ЖАМБЫЛ: РАДИКАЛДЫ ДІНИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА МЕН ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен "Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері" тақырыбында кездесу өткізді. Радикалды діни көзқарастар жеке тұлғаның психологиясын бұзып, қоршаған ортадан оқшаулайды, ал қоғамда сенімсіздік пен жік салу арқылы тұрақтылықты бұзады. Бұл идеологиялар жанұялық құндылықтарды жойып, радикалды әрекеттерге итермелеу арқылы ел бірлігіне үлкен қауіп төндіреді. Жеке тұлғаға әсерін айтар болсақ, кісі тек өз ағымының көзқарасын ғана шындық деп санап, басқа пікірлерге төзбеушілік танытады.

Бойында әлеуметтік оқшаулану пайда болады. Қоғамға әсеріне келер болсақ, бірліктің бұзылуы,  соның ішінде діни негіздегі алауыздық қоғамдағы бейбітшілік пен ауызбіршілікті шайқалтады және ұлттық дәстүрлеріміз, діни жоралғыларымызды жоққа шығарады. Қорытындылай келе наиб имам өз сөзінде радикалды діни көзқарас жеке адамды деструктивті жолға түсіріп, қоғамның тұтастығын шайқайтын қауіпті идеология болып табылатынын баса айтты.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: