Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Қапал ауылы "Қапал" мешітінде жиналған жамағатқа "Отбасы құндылықтары" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Шариғат бойынша отбасы — махаббат, өзара сыйластық, сенім және жауапкершілікке негізделген қасиетті ошақ, ол қоғамның берік іргетасы ретінде әспеттеледі. Исламда отбасы құндылықтарына ерлі-зайыптылардың адалдығы, бала тәрбиесі, туыстық қатынастарды нығайту және ата-ананы құрметтеу жатады, бұл пайғамбар сүннетімен бекітілген. Шариғаттағы отбасының негізгі құндылықтары:
сүйіспеншілік пен мейірім, өзара құрмет және сыйластық, жауапкершілік, адалдық және тәрбие болып табылады. Ислам отбасын "тәлім-тәрбие мектебі" және "жылылық мекені" ретінде қарастырып, оның тұтастығын сақтауды үлкен сауапты іс деп санайды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

