ЖУАЛЫ: ШАҚПАҚАТА МЕШІТІНЕ РАМАЗАН АЙЫ БАННЕРІ ІЛІНДІ

ЖУАЛЫ: ШАҚПАҚАТА МЕШІТІНЕ РАМАЗАН АЙЫ БАННЕРІ ІЛІНДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық «Шақпақата» мешітінің алдыңғы кіре беріс қақпасына «Рамазан айы құтты болсын» деген баннер ілінді. Мешіт молдасы Пернебек Көпбосынұлы баннердің орнатылуына қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына, демеушілерге шынайы алғысын жеткізді.

Молда Пернебек Көпбосынұлының айтуынша, баннер тұрғындардың Рамазан айын рухани дайындықпен қарсы алуына мүмкіндік береді және мешіттің қоғамдағы рухани рөлін арттырады. Жуалы ауданының мешіт жамағаты баннердің орнатылуын қуана қабылдап, қасиетті айға байланысты түрлі іс-шараларға белсенді қатысуды жоспарлап отыр.

«Бұл игі бастама ауылымыздағы мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды», — деді молда Пернебек Көпбосынұлы.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: