Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылындағы «Нұрлыкент» мешітінің алдыңғы кіреберіс қақпасына «Қош келдің, Рамазан» баннері ілінді.
Игі іске қолдау көрсеткен азаматтарға мешіт имамы Қанатбай Режепбайұлы алғыс білдірді. Баннер орнату жұмыстарына жамағат белсенді қатысып, қасиетті айды қарсы алуға өз үлестерін қосты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

