Жуалы ауданы, Теріс ауылдық Мәдениет үйінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында Жуалы ауданы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ-нің» инспекторы Рамазан Маратбекұлы мен Бауыржан Мұсағалиұлы және ауыл жамағатымен тағылымды кездесу өткізілді.
Басқосуда оразаның мән-мағынасы, рухани тәрбиесі, сабыр мен тақуалыққа бастар өнегесі кеңінен түсіндірілді. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде нақты жауаптар беріліп, алдағы айға дайындық мәселелері пысықталды.
Сонымен қатар, құдайы ас пен садақа дастархандарына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген жеті түрлі ас мәзірі таныстырылып, ысырапқа жол бермеу, қарапайымдылық пен берекеге мән беру жайы айтылды. Ас беру – бәсеке емес, сауап пен ықыластың көрінісі екені ескертілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

