Жуалы: "Мырзахмет ата" мешітінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілі

Жуалы: "Мырзахмет ата" мешітінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Теріс ауылдық  «Мырзахмет ата» мешітінде қасиетті Рамазан  айы қарсаңында іші мен дәретханасында толық тазалық жұмыстары жүргізіліп, Алла үйі кешкі тарауық  намазына дайындық жасалды.

Жамағат құлшылық ететін орынның таза, ұқыпты әрі жайлы болуы – баршамызға ортақ міндет әрі үлкен сауапты іс. Мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлы  игі іске сауап ниетпен атсалысып, уақытын да, күш-жігерін де аямаған азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Алла Тағала әрбір еткен еңбектеріңізді еселеп қайтарып, отбастарыңызға береке мен тыныштық нәсіп етсін!

Тазалық – иманның жартысы. Алла үйіне қызмет ету – жүректегі ықыластың белгісі. Раббымыз баршамызды тарауих намазын ықыласпен қарсы алатын жамағаттан етсін!- деп батасын берді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: