Жуалы ауданы, Қарабастау ауылындағы «Билікөл» мешіті аумағында қалың жауған қардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Игі іске ауыл тұрғындары жұмыла қатысып, мешіт ауласы, жүзімдік бағы және мешіт шатыры толық тазартылды.
Ортақ іске белсенді атсалысқан жамағат бірлік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, мешіттің қалыпты қызметіне қолайлы жағдай жасады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

