Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде жамағатпен пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы қатысып, жамағат көкейіндегі түрлі діни сұрақтарға жауап берді.
Пәтуа сағаты барысында құлшылық үкімдері, күнделікті өмірдегі діни мәселелер және шариғат талаптарына қатысты сауалдар талқыланып, нақты түсіндірмелер берілді. Жиын соңында жамағат бата жасап, ризашылықтарын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

