Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Толымбайтегі Зиябек» орталық мешітінде аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлының бастамасымен өткен имамдар жиынында «Уақып қоры»атты семинар өткізді.
Семинар барысында бас имам уақыптың маңыздылығы мен пайдасы туралы сөз қозғап, кеңінен тоқталды. Көпшілік жамағаттар мен тұрғындар арасында және жиындарда уақыпты насихаттауға шақырды. Уақып зекет емес,уақып бұл – садақа, сарқылмайтын сауап, садақаның төресі.Аллаға жақындататын ең ұнамды іс. Уақып етілген дүние – сатылмайды, меншіктелмейді, жалға берілмейді, сыйға тартылмайды, мирас етілмейді.
Жиын соңында уақып дәстүрін жаңғыртып, мешіт жамағаты арасында қайырымдылық пен ізгі істерге үндеудің маңызына тоқталды
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

