Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Толымбайтегі Зиябек» орталық мешітінде «Пәтуа сағаты» атты семинары өтті.
Семинарды аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы имамдармен пәтуа сағаты аясында семинар ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, халық арасында жиі қойылатын шариғи мәселелерге дұрыс әрі нақты жауап беру жолдарын түсіндіру болды.
Іс-шарада Есет Тұрдыбайұлы имамдарға жамағат арасында кездесетін сұрақтарды жүйелеп, байсалды жауап беру әдістерін түсіндірді. Жиын соңында имамдарға пәтуа сағатын жамағат арасында жиі өткізіп тұрудың маңыздылығын атап өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

