ЖУАЛЫ: БАС ИМАМ «ТАЛАПТЫ» МЕШІТІНДЕ НАСИХАТ ЖҮРГІЗДІ

ЖУАЛЫ: БАС ИМАМ «ТАЛАПТЫ» МЕШІТІНДЕ НАСИХАТ ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданына қарасты «Талапты» мешітінде ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы жамағатпен кездесті. Бесін намазының алдында имам жамағатқа «Юсуф» сүресінің 55-аятын негізге ала отырып, имандылық, жауапкершілік және адал қызмет етудің маңызы туралы насихат айтты.

Уағыз барысында қасиетті Құран аяттарының мәні кеңінен түсіндіріліп, мұсылманның өміріндегі сабыр мен тәуекелдің орнына ерекше тоқталды. Жамағат рухани тағылымға толы насихатты ықыласпен тыңдап, бата жасалды.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен әжелер мектебінің өнегесін жаңғырту — қоғамның рухани тұтастығын нығайтатын маңызды бағыт екені атап өтілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: