Далақайнар ауылдық «Далақайнар» мешітінің имамы ауыл ақсақалдары мен ардагерлеріне дөңгелек үстел өткізді.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында қатысушыларға Ислам дініндегі Отанға сүйіспеншілік, адалдық, жаман әрекеттерден сақ болу сияқты маңызды тақырыптар түсіндірілді.
Кездесу барысында тәжірибелі ақсақалдар өз ой-пікірлерін бөлісіп, жамағат арасындағы бірлік пен жауапкершілікті нығайту жолдарын талқылады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


20 Маусым 2026
4 Мухаррам 1448

