ТАРАЗ: РАМАЗАН АЙЫ ТУРАСЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

ТАРАЗ: РАМАЗАН АЙЫ ТУРАСЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   "Әл ‑ Фирдаус" мешітінің имамы Бекболат Мыңбаев қасиетті Рамазан айының кіруіне байланысты жамағатқа арнайы насихат жүргізді. Бас қосу барысында имам Рамазан айының мұсылман қауымы үшін орны ерекше екенін атап  өтіп, бұл ай - сабыр мен шүкіршіліктің, кешірім мен мейірімнің, рухани жаңарудың айы екенін жеткізді.

   Имам өз сөзінде Рамазан - нәпсіні тәрбиелеп, тақуалықты арттыратын ерекше мүмкіндік екенін айтып, жамағатты оразаны шынайы ықыласпен ұстауға, тарауық намаздарына қатысуға және мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырды.

   Насихат барысында Қасиетті Құраннан аят келтірілді: «Ей, иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Әрине, тақуалық етулерің үшін» ("Бақара" сүресі, 183 – аят).  Сондай - ақ имам Рамазан айында жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатынын айтып, ауызбіршілікті нығайтып, көркем мінез қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол жамағатты уақытты тиімді өткізіп, Құран оқуға, дұға - тілекті көбейтуге үндеді.

   Жиын соңында жамағат ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасап, қасиетті айды лайықты деңгейде өткізуге ниет білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: