Жуалы ауданы, Теріс пен Бақалы ауылдарына қарасты «Мырзахмет ата» мешітінің ауласы, жүретін жолдары толастамастан жауған қалың қардан тазартылды. Қысқы қалың қардың салмағынан мешіт асханасының алдындағы навеске зақым келген еді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ауыл тұрғындары иманды да жанашыр азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бұл істі қолға алып жатыр.
Мешіт – ауылдың жүрегі. Оның әрбір кірпіші мен көлеңкесі жамағаттың бірлігі мен ықыласының белгісі. Осындай сауапты іске қаржылай да, қол еңбегімен де ат салысып жатқан барша ағайынға мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлы шынайы алғысын білдіріп,- Алла Тағала ниеттеріңізді қабыл етіп, бергендеріңізге еселеп қайтарсын, ризық-несібелеріңізге береке берсін!-деді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

