Жуалы: Ихсан – рухани тәрбие негізі тақырыбында насихат жүрлізді

Жуалы: Ихсан – рухани тәрбие негізі тақырыбында насихат жүрлізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жуалы ауданы, Теріс және Бақалы ауылдарына қарасты «Мырзахмет ата» мешітінде құптан намазынан кейін мешіт жамағатымен тағылымы мол рухани бас қосу өтті. Кездесу барысында мешіт имамы Мұсағалиұлы Бауыржан Ихсан ілімі бойынша Ихсан – рухани тәрбие негізі тақырыбында насихат жүрлізді. Одан әрі аталардан қалған асыл дәстүр,  қазақ тарихындағы өнегелі оқиғаларды баяндап берді, Имам оларды шариғат негіздерімен ұштастыра отырып түсіндіріп өтті. Ұлттың рухани тамыры мен діннің терең мағынасы қатар өріліп, жамағатқа ой салған, жүрекке жеткен әңгімелер айтылды.

           Бұл бас қосу жамағаттың бірлігін арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді құндылықтарды жаңғыртқан рухани әрі мәдени мәні зор кездесу болды. Осындай игі жиындар иманымызды күшейтіп, ата-бабамыз ұстанған сара жолды тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: