Жуалы ауданы, Жуалы ауданының бас имамы Есет Тұрдыбайұлы дін саласында аянбай еңбек етіп, ел игілігі жолында қызмет атқарған бірқатар имамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі атынан алғыс хатын табыс етті.
Бас имам Теріс ауылының имамы Мұстафаев Бауыржан, Қызыларық ауылының молдасы Абилдаев Жайнар және Қарабастау ауылының имамы Бахтыбеков Қуанышты Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

